Тауарға демпингті қалай қосуға болады?
Демпинг тауар бағасын сіз белгілеген шекараларда автоматты түрде өзгертеді.
Бастамас бұрын:
- Дүкен Kaskyr-ге қосылған.
- Тауар Kaspi-де сатылымда.
1. Тауарлар тізімін ашыңыз
Қала бірнешеу болса, тауарлар кестесінің үстіндегі қалалар тізімінен қажеттісін таңдаңыз.
2. Тауарды табыңыз
Іздеу жолына тауар атауын немесе артикулын енгізіңіз.
3. Демпингті қосыңыз
Тауар жолындағы «Дәмпинг» бағанының өшірулі қосқышын басыңыз. Бағаны баптау терезесі ашылады.
Қосқыш бұрыннан қосулы болса, бұл тауарда демпинг қосылған. Баға шектерін өзгерту үшін қасындағы «Мин» немесе «Макс» мәнін басыңыз.
4. Баға шектерін көрсетіңіз
«Мин. баға» өрісіне төменгі шекті енгізіңіз: Kaskyr бағаны одан төмен түсірмейді.
«Макс. баға» өрісіне бағаны көтеруге болатын жоғарғы шекті енгізіңіз.
Мысалы, төменгі шек 10 000 ₸, ал жоғарғы шек 12 000 ₸ болса, демпинг осы аралықта жұмыс істейді.
Маңызды: баптаулар тек таңдалған қалаға қолданылады.
5. Баптауларды сақтаңыз
«Сақтау» батырмасын басып, баптаулардың сақталғаны туралы хабарламаны күтіңіз.
6. Жаңа баға мен орынды тексеріңіз
Өзгеріс Kaspi-де өңделгеннен кейін бетті жаңартыңыз. «Баға» және «Позиция» бағандарын тексеріңіз.
Бұл мысалда «Жұрттың магазины» тауарды 11 990 ₸, ал «Біздің магазин» 12 000 ₸ бағасымен сатты. Демпинг қадамы 1 ₸ болғандықтан, біздің баға 11 989 ₸-ге төмендеп, дүкен екінші орыннан бірінші орынға көтерілді.
Kaspi-дегі тауар бетінде бұл осылай көрінеді. Мысалда екі дүкеннің жеткізу шарттары бірдей. Сатушылар тізімінде «Біздің магазин» көк түспен белгіленген.
Қосылмаса не істеу керек?
- Қосқыш қолжетімсіз: тауардың архивте емес екенін және «Баптаулар» → «Жалпы» → «Қауіпті аймақ» → «Дәмпинг» қосулы екенін тексеріңіз.
- Форма сақталмайды: нөлден үлкен бағаларды енгізіңіз. «Мин. баға» «Макс. бағадан» кіші болуы керек.
- Қате түсініксіз: техникалық көмек қызметіне дүкен атауын, артикулды және қате мәтінін жіберіңіз.